26 нау, 2019 сағат 19:11

Назарбаев пен Порошенко тұрақты байланысты алдағы уақытта жалғастыруға уағдаласты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әңгімелесу барысында Украина Президенті Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын дамыту және екі ел халықтарының арасындағы достықты нығайту ісіндегі тарихи рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.