13 жел, 2021 сағат 17:38

Назарбаев Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен кездесті


Қазақстанның Тұңғыш Президенті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен кездесуінде еліміздегі мәдениет саласының даму мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Исабековтің Қазақстанға сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік марапатқа ие болуымен құттықтады. 

Өз кезегінде Д.Исабеков Нұрсұлтан Назарбаевқа мәдениет қызметкерлерін әрдайым қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтып, ең басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.