ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды.
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болғанын жазды.
Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын беруді ұсынған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақстан Республикасының атынан осындай бастама берген Ресей президентіне шын алғыс айтамын және қолдау көрсеткен барлық серіктесімізге алғыс білдіремін", - деді.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО-ның 5 жылдық мерейтойына орайластырылған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр.