Биліктің барлық деңгейіндегі партиялық жауапкершілікті күшейтуіміз қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Биліктің барлық деңгейіндегі партиялық жауапкершілікті күшейтуіміз қажет. Атқарушы билік, Үкімет, әкімдер өз істерін жасап жатыр, түсінікті де. Ал партия арқылы адамдардың қоғамдық өмірін кім іліп алып кетеді? 2016 жылдан бері партияның «Қазақстан-2021: Бірлік, бейбітшілік, жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырып келеміз. Бүгін біз Премьер-Министр баяндамасынан сайлауалды уәденің 70 пайызы орындалғанын естідік. Тағы 30 пайызы қалып отыр. Оларды саралау қажет. Ол жерде ең маңызды тармақтар қалып қойған да шығар... Дегенмен, оларды ешкім көтермейді, Мәжілістегі фракция – ешкім. Келесі сайлауға келгенде халыққа не айтамыз?», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.
Елбасы 30 жыл бойы 100 пайыз орындалатын ұсыныстарды ғана қолдау ұстанымынан еш таймағанын баса айтты.
«Осы 30 жыл барлықтарыңыздың естеріңізде бар. Барлығы да қаражатпен, бақылаумен қамтамасыз етілді. Соңында біз орындадық деп баяндайтынбыз. Қазір де дәл сол болуы тиіс. Мұны сайлаушыларға көрсету керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.