Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан Президенті биылғы 8 қарашада Астана қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.
Келесі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу үшін Петропавл қаласына барады.