14 қыр, 2016 сағат 13:34

Назарбаев: Қашаған биыл іске қосылады

Қазақстан Президенті Қашағанның іске қосылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, мұнайдың бағасы жақсы жаққа өзгеруі мүмкін.

"Қашаған биыл іске қосылады. Мүмкін қазан айында жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта мұнай бағасы баррель үшін 50 доллар. Бұл біз үшін жақсы баға", - деді Назарбаев.

Осыған дейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2016 жылдың қазан айында Қашағанды іске қосуға мүмкіндік беретін шараларды атаған болатын.