Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың қазасынан кейін халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қымбатты отандастар! Құрметті достар!
Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді.
Жақын адамнан айырылу - орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді.
Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет", — делінген Назарбаевтың үндеуінде.
Еске сала кетейік, 13 қарашада 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды.
Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана бұл ақпаратты растады. Дәрігерлердің айтуынша, Болат Назарбаев 13 қарашада сағат 09.51-де қайтыс болған.