15 қаз, 2019 сағат 16:19

Назарбаев Ердоғанмен кездесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар түркі әлемі елдері интеграциялық үдерісінің қазіргі жағдайы мен алдағы перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар аймақтық қауіпсіздікті және Еуразия құрлығы мемлекеттерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.