05 сәу, 2017 сағат 18:43

Назарбаев Ембі полигонын Ресейге жалға беруді тоқтату туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ембі полигонын Ресейге жалға беру туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі заңға қол қойды", - делінген Ақорданың сайтында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.