30 қаң, 2019 сағат 15:01

Назарбаев: "Данияр, басыңмен жауап бересің!.."

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз банктерін тонаған акционерлерді сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елге келіп банк құрып, жұмысын бастайды. Адамдар сеніп, ақшаларын салады, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор да қаржысын салады. Кейіннен акционерлер  қаржыны жымқыруды бастайды. Осы заңсыздық үшін оларды түрмеге отырғызуға заңдар жоқ. Олар қашқаннан кейін, аталған адамды іздеп әуре боламыз. Данияр, басыңмен жауап бересің. Қажетті заңмен қамтамасыз еттік, енді салаға жауап бер. Банк жұмыс істеп тұрғанда акционерлер қаржыны ұрламауы тиіс. Өздерінің банктерін ұрлап, жоқ қылады», - деді Президент Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке қарата айтқан сөзінде.

Елбасы экономиканы банкроттан тазартпай, елде даму үрдісі дұрыс жүрмейтінін атап өтті.

«Бұл мәселелерді шешпесек, Үкімет те, банктер де үнемі сүріне береді. Неден қорқамыз? Банкроттық институты нарықтық елдерде айтарлықтай кеңінен тараған. Сіздер Үкімет немесе министр емес, қорқақсыңдар. Шешім қабылдау үшін қол-аяқтарың дірілдеп тұрады. Онда не үшін жұмыс істеп отырсыңдар?!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.