22 жел, 2017 сағат 10:11

Назарбаев Данелия Төлешованың өнеріне тәнті болды - Мұхамедиұлы

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы украиналық "Голос. Діти" шоуының жеңімпазы атанған алматылық 10 жастағы Данелия Төлешовамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Данелия Төлешованы қазақстандықтардың атынан сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.

"Көп рақмет, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты концерт кезінде сенің өнеріне тәнті болғанын айтуын сұраған еді. Данелия 15 желтоқсанда Астанаға келіп, өнер көрсетті. Ал түнде концерттен кейін ұшып кетті. Тамаша өнер көрсетті", - деді министр.

Сондай-ақ, министр ведомствоның Данелияның әрі қарай өнер көрсетіп, әндер жазуы үшін бар күштерін салатынын айтты.


Сонымен қатар, министрмен өткен кездесуге әнші қыздың анасы да келді.

Еске сала кетейік, 10 жастағы Данелия Төлешова Украинадағы байқауда жеңімпаз атанған болатын. Суперфиналда Дәнелі "Не твоя війна" әнін орындап, залда отырған біраз адам және өз ұстазы Дима MONATIK көзіне жас алған еді.