18 қаз, 2018 сағат 16:18

Назарбаев Брюссельде Еуропаның іскер топ өкілдерімен кездесті

Брюссель қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Еуропа елдері Қазақстанның сауда-экономика және инвестиция салаларындағы маңызды серіктестері саналатынын атап өтті.

- Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға Еуропадан 180 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартылды. Біз Еуропа қайта құру және даму банкімен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Осы жылдар ішінде бұл банк жалпы құны 7 миллиард еуродан асатын жобаларды қаржыландырды, - деді Қазақстан Президенті.