Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биліктің не екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоның үзіндісін Президенттің Телерадиокешені әлеуметтік желіде жариялаған.
"Меніңше, мұны бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Маған дейін данагөй кісілер биліктің не екенін айтқан болатын. Олар биліктің жамандық, қастық екенін айтқан еді. Ал біз, басшы қызметіне келіп, билікті ұстайтын адамдар ретінде басқаша ойлауымыз қажет. Сондықтан мен билікті бірнеше ұстаныммен түсіндіргім келеді. Билік - ең алдымен жауапкершілік. Қызмет жоғарылаған сайын жауапкершілік те арта түседі", - деді Мемлекет басшысы.