Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Бас прокурор Елбасыға 2019 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған басты мақсаттары туралы мәлімет берді.
Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы ақпарат ұсынылды.