Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы әкімшілік-деликтік құқықты әрі қарай ізгілендіруге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында заңдылықты күшейтуге бағытталған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.