26 қар, 2020 сағат 18:54

Назарбаев әртістермен бірге «Қара торғай» әнін орындады

Бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа театр әртістерімен бірге Ақан серінің «Қара торғай» әнін орындады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-де жазды.

Еске салсақ, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барған болатын.