ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз анасының бақилық болса да, шексіз махаббатымен әлі де қолдап-қорғап жүргенін айтады. Президенттің апасы туралы ағынан жарылып сөйлегенін Іnstagram желісіндегі Ақорданың ресми парақшасында жарияланған видеодан көруге болады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Ол кездері жанында көп бола алмадым. Мен анамның өзімді қалай қатты жақсы көретінін білетінмін. Менің ойымша, олай басқа ешкім жақсы көре алмайды. Мені осы күнге дейін оның махаббаты қолдап келе жатыр. Кей кездері маңызды әрі ауыр шешімдер қабылдаған сәттерімде, анам менің түсіме кіреді. Мен - мистик емеспін, ешқандай бақсы, балгерлер, көріпкелдер мен жұлдызшыларға сенбеймін. Бірақ анам түсіме кіріп, "Өзіңе сенімді бол, бәрі де дұрыс болады", - дейді. Қазір анам тірі болса, мен оған былай деп айтар едім: "Мен сізді қатты жақсы көремін, қадірлеймін", - деді Назарбаев 2001 жылы түсірілген видеода.