29 мау, 2023 сағат 15:44

Назарбаев тағы бір статусынан айырылуы мүмкін

Фото: nazarbayev.kz

Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қорына қатысты заңға өзгеріс енгізіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Оны іске асыру үшін бірқатар заңға, оның ішінде "Назарбаев Университетінің", "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

"Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілетін айқындау бойынша түзетулер көзделген", - делінген Сенат қорытындысында.

Осы уақытқа дейін Жоғарғы Қамқоршылық кеңестің бірінші төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болған. Бұл – заң нормасы. Ал жаңа өзгеріске сәйкес, Жоғарғы Қамқоршылық кеңестің төрағасы Президент немесе ол тағайындаған адам болады.