ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің арқасында қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қалай жақсартқаны жөнінде айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Достар, мемлекеттік қызметтегі лайықты еңбекақы аңыз емес, шындық. Өткен жыл үшін бонустар төлеу уақыты келді.
«Өздеріңіз білетіндей 2018 жылдан бастап біз жаңа еңбекақы жүйесін енгіздік. Ол екі бөліктен тұрады: тұрақты - бұл факторлық-балдық шкала негізіндегі жалақы және айнымалы - бонустар.
Бірінші бөлім бойынша бәрі түсінікті. Тұрақты жалақы белгіленді. Агенттік қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артты, ал жүргізілген оңтайландыру мен әкімшілік шығыстарды қысқарту атқарушы құрамға қосымша 30% - дан 60% - ға дейін үстеме төлеуге мүмкіндік берді», деп жазды Алик Шпекбаев Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, бонустар қызметшілердің жұмысының жыл бойғы тиімділігі мен нәтижелілігіне қарай ескерілген. Ол агенттік мерекелік сыйақылардан бас тартып, сол арқылы бәрін теңестіруден «кетіп», ал әр қызметкердің қызметі жеке бағаланатынын атап өтті.
Алик Шпекбаев жаңа жүйенің нәтижелерімен бөлісті.
«Агенттікте «үздіктер» де, сондай-ақ «орташалар» да бар. Олардың бонустарының мөлшері осыған байланысты. Қанағаттанарлықсыз жұмыс істеген «төмен баға алғандарға» ол мүлдем берілмейді. Егер олар қызметке деген қарым-қатынасын өзгертпесе келесі бағалаудың нәтижесі бойынша жұмыстан шығарылады. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің арқасында әріптестеріміз әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын едәуір жақсартып жатқаны қуантады. Біреулері көптен күткен тұрғын үй үшін бастапқы жарнаны төлей алды, басқалары машинаға несие ресімдеді,үшіншілері ипотеканы және тұтынушылық қарыздарын мерзімінен бұрын өтеді.
Ал біреулерге жалақысы өскен соң балаларының жеке курстары мен шығармашылық үйірмелерінің ақысын төлеуге мүмкіндік алды», - деді А.Шпекбаев.
Агенттік төрағасы осыған қатысты нақты мысалдар келтірді. «Қуандық Айтақын - жас жігіт, бұрын құрылыс гипермаркетінде жұмыс істеген. Конкурс бойынша мемлекеттік қызметке келіп, үш жыл ішінде сарапшыдан Мемлекеттік қызмет департаментінің бас консультантына дейін өсті. Жоғары жалақы мен бонустардан түскен жинақ есебінен ол 20% мөлшерінде бастапқы жарнаны енгізе отырып пәтерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы ресімдей алды.
Гүлнұр Жараспаева - Стратегиялық әзірлемелер және Халықаралық бағдарламалар департаментінің қызметкері. Екі ұлдың анасы. Оның қамқорлығында тағы екі бала бар. Бонустар оған балалардың сапалы дамуында елеулі демеу болады.
Қайыржан Сұлтанғазиев - біздің Ақмола облысындағы департаменттің қызметкері. Жалақыны көтеру қаражатты жинақтауға мүмкіндік берді. Үздік қызметкер болғандықтан жақсы бонустар алды. Нәтижесінде 20% -ын төлеп, салоннан несиеге жаңа автокөлік сатып алды», - деп жазды Алик Шпекбаев.
Оның айтуынша, бұл мысалдар мемлекеттік қызметте әділ және адал жұмыс істей отырып, өз отбасының әл-ауқатын жақсартуға болатынын дәлелдейді.
Ол ілкі жоба жыл соңына дейін жалғасатынын атап өтті. Таяуда жобаға қатысатын 3 мемлекеттік органда бонус төленеді деп күтілуде.