Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Perseverance марскезерінен алғашқы панорамасын жариялады. Панорама 142 суреттен құралған, - деп хабарлайды NASA.
Сурет 18 ақпанда марскезер қонғаннан кейін бірден жасалған, алайда ол Жерге дейін сапалы түрде жетуі үшін біраз уақыт қажет болған, артынша графикалық редакторда панорама жасалған. Суреттің түпнұсқасын мына жерден көруге болады.
Панорама Mastcam-Z камерасының көмегімен жасалған, ол жылжымалы штативте орналасқан. Камера 360 градусқа айнала алады және аз уақыт аралығымен суретке түсіре алады. Ол заманауи смартфондардағы "панорама" функциясына ұқсас, бірақ Марстан түсірілген суреттерді қолмен жинауға тура келген.
Маркезердің екі камерасымен салыстырғанда Mastcam-Z камерасында екі объектив бар. Біреуі жалпы көрініске жауап берсе, енді бірі жеке бөліктерді жақындатып түсіру үшін арналған. Дәл осындай функция көптеген смартфонда да болады.
Айналмалы панорама үзіндісінен Езеро кратерінің шетін байқауға болады.
Панорманың жақсы сападағы түрін Марсты зерттеуге арналған NASA бағдарламасының ресми сайтынан көруге болады.