02 қаз, 2019 сағат 17:39

NASA ғалымдары Марстан таңғажайып сигналдарды тіркеген

Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) ғалымдары Марста таңғажайып сигналдарды аулаған, олардың кейбіреулері сейсмикалық құбылыс болса, басқалары құпия болып отыр. Бұл туралы ақпаратты Sky News жариялады.

«NASA-ның Марста жүретін құрылғысы InSight өткен жылы қарашада қызыл ғаламшарға барып, сәуірде алғашқы сейсмикалық шуылды тіркеді. Оны NASA «тыныш, бірақ анық дірілдеу» деп сипаттады», - делінген хабарламада.

Сейсенбі күні жарияланған аудиотаспаның үлгілері InSight сейсмометрі анықтаған 100 жаңалықты қамтиды. Алайда, олардың ішінде тек 21-і «марстың дірілдеуі» ретінде – Марстағы жер сілкінісі екені анықталды.

Ғалымдар марстың дірілдеуін зерттеп, құпия шуылдың неден болғанын анықтауға үміттеніп отыр.