27 қаз, 2020 сағат 06:38

NASA: Айдың күн жағында су бар

Су Айдағы полюстердің көлеңкесінде ғана емес, сонымен қатар спутниктің күн сәулесімен жарықтандырылған жағында да бар боп шықты. Бұл туралы америкалық NASA аэроғарыш агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.

Бұл жаңалық Айды стратосфералық обсерваторияны қолдану арқылы зерттеу кезінде ашылған. Су молекулалары аспан денесінің оңтүстік бөлігіндегі Клавий кратерінен табылды.

Осылайша, Айды меңгеру бағдарламаларын түзетуге мүмкіндік беретін теориялар расталды. Судың болуы бірқатар мәселені шешуді жеңілдетеді, оны тіпті жанармай жасау үшін де қолдану ұсынылды.

Алайда, NASA Астрофизика департаментінің директоры Пол Хертцтің айтуынша, Жердің табиғи серігінен қанша су табуға болатыны және оны нақты пайдалану мүмкіндігі әлі белгісіз.