05 қыр, 2019 сағат 16:45

НАСА 60 жыл ғарышты зерттеп, тамаша фотосуреттерді жария етті

Былтыр НАСА 60 жылдығын атап өтті, ал биыл айға алғаш қадам басқандарына 50 жыл толғанын тойламақ, бұл туралы CNN хабарлайды. 

Осы онжылдықтар еңбегін көрсететін – НАСА жариялаған суреттер. Биыл «НАСА бейнеқоры: ғарышта 60 жыл» кітабы жарыққа шықты, онда 400-ден астам ғарышта түсірілген ең үздік суреттер жарияланған.

Кітап авторларының бірі Пирс Бизони «Суретке түсіру ең басты миссия емес, әрине. Ең алғаш адаммен бірге ұшқан капсула «Меркурийда», тіпті, терезе де болмаған. Ал кейін ғарыштың бейнесін карточкаға түсіру басталды. Астронавтар Hasselblad камерасымен бірге ұшатын болды» дейді.

Басылымның жазуынша, айға алғаш рет «Аполлон-11» қонған кезде де дәл осы Hasselblad швед камерасымен тарихи суреттер түсірілген. Оның алғашқысы – Нил Армстронгтың айдағы суреті, екіншісі – Базз Олдриннің айға аяқ басқаны.

Ал 1990 жылдан бастап «Хаббл» ғарыш телескопы суреттерді түсірген. 2021 жылы Джеймс Уебб телескопы шығарылады. «Ол Жер ғаламшарынан өте алыс қашықтықты түсіре алады, бірақ бұл телескоппен жұмыс істей алатын кәсіби мамандар аз», - деді Бизони.

Дәл осы 60 жылда түсірілген бірнеше тарихи суретке зер салайық:

ҚазАқпарат