06 қаз, 2022 сағат 18:45

Нағыз патриот ұлт бірлігін ойлайды - Тоқаев


Мемлекет басшысы Қазақстандағы саяси жүйенің жаңғыруы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізді көптеген қиындық пен сын-қатер күтеді, бірақ біз жоспарланған бағыттан бас тартпаймыз. Біз әділ және тиімді мемлекет құрып, барлығына тең мүмкіндікті қамтамасыз етуіміз керек. Осы ауқымды мақсаттарға жету үшін саяси жүйені жаңғырту керек деп айтуға болады.

Өздеріңіз білесіз, мен президенттік өкілетті бір жеті жылдық мерзімге шектейтін реформаны бастадым. Билікке ие саясаткерлер елдің мүддесі үшін маңызды мәселелерді шешуде ерік-жігер көрсетуге міндетті деп санаймын. Жауапты саясаткер әрқашан ұтымды, икемді және берік. Нағыз патриот ұлғайып бара жатқан қауіп-қатер жағдайында ұлт бірлігі туралы ойлайды", - деді Тоқаев Астанадағы форумда.

Президент мемлекет пен халықтың ұзақ мерзімді мүддесін сенімді түрде қамтамасыз етуге деген шынайы ниет жетелейтінін айтты.

"Мен үшін Отанға қызмет етуден артық құрметті және жауапты миссия жоқ. Биліктің ауысу кепілдігі билікті монополиялаудың кез келген әрекеті үшін күшті тосқауыл болады", - деп түйіндеді Тоқаев.