14 шіл, 2021 сағат 17:56

Мырзағалиев су мамандары туралы: Бұл саладан адамдар көптеп кетіп жатыр


Қазақстанда су шаруашылығы саласындағы мамандардың тапшылығы мәселесі қалай шешілмек? Бұл сұраққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Кадрмен қамтамасыз ету мәселесіне бөлек тоқталғым келеді. Өкінішке қарай, соңғы жылдары су мамандары бұл саладан көптеп кетіп жатыр. 2020 жылы біздің бастамамызбен аталған саланы кадрмен қамту мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан су шаруашылығы институты ашылды. Сондай-ақ, биыл су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында 2 орталық ашылды. Біріншісі, СҚО-да, екіншісі Алматы қаласында», - деді Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, биыл аталған орталықтар арқылы 800 маманның білімін жетілдіру көзделіп отыр. Одан бөлек, 15 жас маманнан тұратын кадрлық резерв құрылған.