29 қаз, 2025 сағат 12:47

Мьянмада танымал онлайн-алаяқтық аумағы талқандалды: Қазақстан неден сақтануы тиіс?


Фото: dw.com/KK Park (танымал онлайн алаяқтық аумағы) 

2025 жылғы 21 қазан күнгі ақпарат бойынша, Мьянма әскери күштері Тайланд-Мьянма шекарасындағы танымал онлайн-алаяқтық аумағын (KK Park) басып алғанын мәлімдеп, оны «азамат соғысында жоғалған маңызды аумақ» деп сипаттады

Тайланд-Мьянма шекарасында орналасқан KK Park (танымал онлайн алаяқтық аумағы) соңғы бес жылда онлайн-алаяқтық жолмен келген, ақшаны жылыстату (заңсыз ақшаны таза, заңды ақшаға айналдыру) және адам саудасымен айналысып келген. 

Мыңдаған адам «жоғары жалақысы бар жұмыс беріледі» деп алданып, осы аумаққа келіп, халықаралық интернет-алаяқтық қылмысымен айналысатын қылмыстық топқа жұмыс істеуге мәжбүр болған. 

Фото: financialpost.com / 2025 жылдың 25 қазаны, сенбі, Мьянманың Карен штатындағы Мявадди қалашығындағы KK Park онлайн алаяқтық орталығындағы жарылыстан кейін ақ түтін көтеріліп жатыр.

Мьянма әскери күштері 16 қазанда KK Park-ке  қарсы күресті күшейте бастады, бұл мыңдаған адамның қашуына себеп болды. Тайланд билігі өткен жұмада мыңнан астам адамның (олардың көпшілігі қытайлықтар) шекарадан Таиландқа қашып кеткенін мәлімдеді

Мьянма әскери күштері өткен жексенбіде аталған алаяқтық аумаққа шабуыл жасау үшін жарылғыш заттары бар дрондарды жібергенін, ал құрлық әскерлері ғимараттарды жару үшін бомбаларды пайдаланғанын ашық жария етті. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы осы жылдың басында жарияланған есебінде Мьянма, Лаос және Камбоджадағы қылмыстық топтар ауқымды өнеркәсіптік алаяқтық және алаяқтықтың онлайн түрімен айналысатын орталықтарын басқаратынын мәлімдеді. Халықаралық қауымдастық жақында Мьянма мен Камбоджаға алаяқтық топтарға қарсы күресті күшейту керектігін бірнеше мәрте атап өткен болатын. 

Зерттеушілер Қытайдың қылмыстық әлемінің серкесі, «Сынған тіс» (Broken Tooth) деген атпен танымал Ван (Wan Kuok Koi) мен аумақ арасында байланыс бар деп санайды. Ол кейін шекарадағы басқа алаяқтық орталықтарға инвестиция салған.
 

Біз қандай сабақ аламыз?


Айтып өткен инвестициялық аймақтағы жағдайдан кейін, инвесторлардың алқауына ие болып отырған Орталық Азиядағы  ел ретінде, Қазақстан кез келген заңсыз қылмыстың алдын алуы керек. Себебі шетелдік қылмыстық топтардың елімізге келмеуіне кім кепіл? Әсіресе, ақшаны жылыстату, онлайн-алаяқтық және құмар ойын туры сияқты қылмыстық әрекеттерге қатаң тыйым салу қажет. Өзбек ағайндарда бір сөз бар:  «көршіңді ұры ұстама, өзіңді мықты ұста» деген. 


Қанат Қаһарұлы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің aймақтану кафедрасының
докторанты