04 нау, 2021 сағат 19:13

Мусин ауылдағы интернет сапасына байланысты операторға айыппұл салынатынын айтты

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркістан облысының Жусансай ауылына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Түркістан облысына сапары аясында бірнеше елді мекенде болдым. Оның барысында интернет сапасына байланысты шағымдар түсті. Бірінші кезекте, Жусансай ауылына барып, онда тұрғындар интернет жылдамдықпен қалай жұмыс істеп жатқаны туралы айтып берді. Әріптестермен бірге байланыс сапасын өлшедік. Бұл ауыл «250+» бағдарламасы шеңберінде байланыспен қамтамасыз етілді. Өкінішке орай, бізге жұмыс есебі берілгендей емес. Байланыс сапасын жақсарту қажет етеді. Тексеру орнында байланыс операторларының өкілдерімен бірге өлшеу жүргізіліп, құжат толтырылды. Шешім біреу - айыппұл саламыз!», деп жазды министр Instagram -дағы парақшасында. 

Оның айтуынша, сапаны қолайлы деңгейге жеткізгенге дейін айыппұл салу жалғаса бермек. 

«Бұл ауылдың сапасын маусым айына дейін жақсартуға уәде берді, бірақ келіссөздер нәтижесінде операторлар сәуір айында барлық проблеманы шешуі тиіс деп келістік.

Мен байланыс сапасына қойылатын минималды талаптар дұрыс шешім екеніне тағы бір рет көз жеткіздім! Бұйрықта біз жылдамдықтың ең төменгі көрсеткіштерін 3G - 1 мбит/с кем емес, 4G - 5мбит/с кем емес деп белгіледік. Егер операторлар халыққа осындай жылдамдықты ұсына алмаса, қызмет құнын арттыру мәселесін көтере отырып, біз заңмен белгіленген басқа да шараларды қолданатын боламыз», - деді Бағдат Мусин.

Министр құзыретті мемлекеттік органдармен бірге байланыс қызметтеріне бағаны егжей-тегжейлі талдау бойынша жұмыс жүргізуге дайын екен жеткізді.