Жер реформасы жөніндегі комиссия өте өнімді жұмыс істеп, алдын ала бірқатар шешімдер қабылданды. Бұлар орынды шешім деп, - деген ойын білдірді Комиссия отырысы барысында Мұрат Әбенов, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Комиссияның жеткен жетістігі мен қабылдаған шешімдері елдің саяси мәдениетінің өскенін көрсетеді деп есептейді М.Әбенов.
«Мемлекетiмiз жаңа саяси мәдениет деңгейiне жетті. Себебi, қоғамның өзгеруi, саяси, ақпараттық, құқықтық, экономикалық сауаттылығы өскенi байқалды. Қоғамның көтерген мәселесiн билiк қолдап, келiссөздерге барып, осындай комиссия құрғаны дұрыс шешiм деп ойлаймын. Бес жылға тоқтататын болсақ, бұл мәселе тоқтап қалды, шешiлмей қалды деген емес. "Өзгерiстердi қабылдамаймыз, халықтың айтқаны болды, әлi де бiз дайын емеспiз, сондықтан бұл мәселенi әзiрше тоқтатуымыз керек» деген шешiм деп есептеймiн» », - деді М.Әбенов.
М.Әбеновтың айытунша, Комиссия төңiрегiнде 10 сотық мәселесi көтерiлiп, жағымды шешім қабылданды. Бiраз шешiмiн тапты, Үкiмет қаржы бөлдi. Бұл комиссияның жақсы шешiмi деп есептейді М.Әбенов.