06 қаң, 2020 сағат 08:41

Мұнайдың бағасы ұзақ уақыттан бері алғаш рет 70 доллардан асты

Мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады – Brent маркалы мұнайдың баррелінің құны $70 болды.

Сарапшылардың атап өтуінше, мұндай нәтиже 2019 жылдың мамырынан бері алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Investing.com.

Сарапшылар мұндай өсімді Таяу Шығыстағы жағдайдың өршуімен байланыстырып отыр.

Лондон биржасындағы сауда-саттық барысында Brent маркалы мұнайдың бағасы Нұр-Сұлтан уақытымен 7:15-те 70,16 долларды құрап, мұның алдындағы сауда күнімен салыстырғанда 2,08%-ға қымбат болды.

Соңғы рет Brent баррелінің бағасы мамырдың соңында $70-ке жеткен еді. Ол кезде де мұнайдың қымбаттауы Парсы шығанағындағы оқиғаларға байланысты болды.