09 қар, 2020 сағат 06:50

Мұнай бағасы 3 пайызға өсті

WTI мұнайы фьючерсінің бағасы 3,31%-ға артты. Лондондағы ICE биржасында 2021 жылдың қаңтарында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны 3,04%-ға, барреліне 40,65 долларға дейін өсті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Қазіргі уақытта WTI мұнай фьючерсінің құны 3,31%-ға өсіп, барреліне 38,73 доллар шамасында тұр.