04 ақп, 2022 сағат 15:47

Мұнай бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 92 доллардан асты


2022 жылдың наурызында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,08%-ға өсіп, барреліне 92,09 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған Нұр-Сұлтан уақытымен 14:51 болған сауда алаңындағы деректер дәлел. 

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 92,1 доллар болған. 

Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 92 доллардан асқан.