05 мам, 2022 сағат 17:46

Мұнай бағасы 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді


Еуропалық қор биржалары қайта ашылғаннан кейін Франкфурт DAX индексі сауда-саттықтың алғашқы минуттарында 3,9 %-ға, париждік CAC 40-та 3%-ға және миландық сауда-саттықта 6% -ға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Украинадағы жағдай, көші-қон дағдарысы және Ресейге қарсы санкциялардың кері әсері Азия нарықтарында да сезілді. Nikkei Токио қор биржасында сауда-саттық нәтижелері бойынша негізгі индекс 3%-ға төмендеді.

Мұнай бағасы Ресей мұнай мен газына қатысты ықтимал эмбаргоны талқылап жатқаны айтылғаннан кейін 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді.

Әлемдегі болып жатқан тұрақсыздық барлық шикізаттың никельдің, алюминийдің, мырыштың және мыстың бағасын көтерді. Дүйсенбі күні таңертең никель тағы 10%-ға қымбаттады, ал алюминий бағасы алғаш рет тоннасына 4 мың долларға жетті.

Еске салсақ, АҚШ-та мұнай бағасы 3 пайызға өсті.