Мәжілісте үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері ауыл шаруашылығына тиесілі жерді пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.
«Жер ресурстарын орынды пайдаланудың өзекті мәселелеріне» арналған дөңгелек үстелде қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан жердің мемлекеттік меншік екенін сақтай отырып, оны жалға беру нарығын дамыту қажеттігін атап өтті. Мұнымен қоса жерді жалға беру электронды түрде және тек Қазақстан азаматтары мен 100% қазақстандық заңды тұлғалар арасында қызмет ету керек.
Бұдан бөлек қоғам қайраткері ауылшаруашылық өндірушілер төлейтін салықтарды біріктіретін бірыңғай аграрлы салық енгізуді ұсынды.
Бүгінде пайдаланылмай тұрып қалған ауыл шаруашылығына арналған жерлердің салығы бар. Сондай-ақ жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына 7 қосымша салық қосылады. Кәсіпорын жалға алған ауыл шаруашылығына арналған жер көлеміне есептелетін бірыңғай аграрлы салық жердің бос тұрмай, кәсіпорынның ол жерді пайдалануына ықпал етеді.
Сонымен қатар, жерді пайдалануға байланысты барлық процесті қатаң бақылауда ұстау үшін мотинорингті заңдастыру ұсынылды.
Мұхтар Тайжанның айтуынша, ауыл шаруашылығына арналған жерлердің көпжылдық және тиімсіз банктік кепілінен шығару үшін заңды шешім табу керек.