09 мау, 2019 сағат 09:27

Мұхамедиұлы: Менің таңдауым - тұрақтылық

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР президенті сайлауында дауыс берді. 

Министр өз таңдауын ҚР Ұлттық кітапханасындағы №111 сайлау учаскесінде жасады. 

«Мен өз даусымды тұрақтылық үшін, Қазақстанның келешегі үшін бердім. Қазіргі уақытта Қазақстан дүниежүзіне сыйлы, өз орны бар мемлекет. Саясатта да, өнер жағынан да жетістіктерімізді мақтанышпен айта аламыз. Әрине бүгінгі сайлауға бүкіл Қазақстанның қатысып жатқаны өте қуанышты», - деді министр журналистерге берген сұхбатында. 

Министрдің айтуынша, оған әкімшілік ғимараттарға қарағанда кітапханада дауыс берген ұнайды.

«Менің отбасым басқа учаскеде тіркелген. Осы учаскеге өзім сұранып келдім. Себебі, басқа әкімшілік ғимараттарға қарағанда кітапханада дауыс берген ұнайды», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.