03 қыр, 2025 сағат 12:10

Мүгедектігі бар азаматтарға 1,3 млн теңгеден астам көлік салығы заңсыз салынған


Фото: azh.kz


Талдықорған қаласының прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасы 48 мүгедектігі бар тұлғаларға көлік құралдарына салық төлеу туралы хабарлама жібергенін анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.


Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес барлық есептеулер жойылды.


Жалпы сомасы 1,3 млн теңгеден астам шоттар кері қайтарылды, осылайша мүгедектері бар тұлғалардың  құқықтары қалпына келтірілді.