20 жел, 2020 сағат 11:38

Moody's халықаралық агенттігі ForteBank-тің рейтингін көтерді

Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі («Moody's») ForteBank-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингісін «Тұрақты» болжаммен B1-ден Ba3-ке дейін тағы бір рет көтеру туралы шешім қабылдады.

Өткен жылдың шілде айында да Moody’s рейтинг агенттігі ForteBank депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингті B3-тен B1-ге дейін (бірден екі сатыға) «Тұрақты болжаммен» көтерген болатын. 

Moody’s сарапшыларының пікірінше, ForteBank рейтингтерінің жоғарылауы коронавирустық шектеу шараларының салдарынан іскерлік қиындықтарға және Қазақстандағы экономикалық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, банктің капитализациясының және күшті өтімділігінің үнемі жақсаруына байланысты. 

Өткен жылдары ForteBank табыстың тұрақты өсуін және несиелеудің қалыпты артуын көрсетті. Бұл қазақстандық қаржы ұйымына өзінің тұрақтылығын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. ForteBank-тің өтімділігі де жоғары деңгейде қалады, банк несие берудегі консервативті тәсілді сақтай отырып, өзінің депозиттік базасын белсенді түрде көбейтіп келеді.

ForteBank басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили рейтингтің жоғарлағаны туралы айтты. 

«Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank командасының елдегі ең тұрақты банктердің бірін құрудағы жұмысын жоғары бағалады. 2020 жылдың қарашасында Fitch Ratings ForteBank-тің рейтингтерін жақсартқан еді. Пандемиямен байланысты күрделі нарықтық жағдайларға қарамастан, ForteBank қаржылық және операциялық нәтижелерін сақтап келеді. Рейтингтің жаңартылуы дұрыс таңдалған даму стратегиясын, тиімді белсенділікті және біздің клиенттер тарапынан банкке деген үлкен сенімділікті растайды», - деді ол.