Моңғолияда егіз бота дүниеге келді. Мұндай жағдай табиғатта өте сирек кездеседі, деп хабарлайды Mongolnow сайты.
Өткен ғасырдың 50-жылдары Моңғолия өкі өркешті түйелер саны жөнінен әлемде көш бастап тұрды. Ол кезде елде 900 мың бас түйе болған. Жалпыұлттық мал санағының соңғы деректеріне сүйенсек, Моңғолияда 2020 жылдың желтоқсанында 472,9 мың түйе бар.
Ал, Говь Алтай аймағының Шарға ауылының қыстағында Б. Нямдорж деген түйешінің қорасында 7 наурыз күні егіз бота туды. Түйенің е гіз төл табуы табиғатта өте сирек болады.
Түйе екі жылда бір рет туады, ботасын 13 ай көтереді. Көбінесе бір бота ғана дүниеге келеді, егіз өте сирек. Моңғолияда егіз бота - жақсы нышан саналады. Жергілікті халық оны жайлы уақыттың басталуының белгісі деп қабылдайды.