Фото: metropoliten.by
2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайдан Қазақстанға тұрақты тұруға 1451 адам, ал Моңғолиядан 1088 адам келген, деп хабарлайды DATA HUB. Екі жағдайда да 2023 жылдың сол айларымен салыстырғанда өсім шамамен үш есе артқан: Қытайдан келушілер саны 177%-ға, ал Моңғолиядан 172%-ға көбейген.
Қытайдан келген иммигранттар саны 2017 жылдан бері ең жоғары көрсеткішке жеткенімен, 2020 жылмен салыстырғанда бар болғаны тоғыз адамға көп. Ал Моңғолия жағдайында бұл шынымен рекорд болып отыр – 2011 жылдан бері қазіргі көрсеткіштерге жақын сандар болмаған.
Бұл ретте Қазақстаннан Қытайға және Моңғолияға кеткендер саны әдеттегідей аз, сондықтан көші-қон сальдосы – келушілер саны мен кетушілер санының айырмасы бойынша – жағдай келушілер санына ұқсас.
Енді иммигранттардың өзіне тоқталайық. Олар кімдер және қай аймақтарға қоныстанды?
- - Қытайдан да, Моңғолиядан да келгендердің басым көпшілігі қазақтар (98% және 99% сәйкесінше).
- - Қытайдан келген иммигранттардың жартысы Астана немесе Алматы қалаларына қоныстанған (Алматыға сәл көбірек), ал тағы әр бесіншісі Алматы облысында тұрақтаған.
- - Моңғолиядан келгендер үшін ең танымал аймақ – Ақмола облысы (33%), ал астаналарға жалпы санының үштен бір бөлігінен көбі орналасты (Астанаға 23% және Алматыға 13%).
Айта кетсек, биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанында әртүрлі елден Қазақстанға жалпы саны 20,4 мың иммигрант келген, бұл 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 6,5%-ға көп. Кеткендер саны шамамен 10,2 мың адамды құрап, бір жыл бұрынғыдан 20%-ға азайды, сондықтан көші-қон сальдосы (келгендер мен кеткендер айырмасы) бірден 59%-ға өсіп, шамамен 10,2 мың адамды құрады.