#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Молдаван қызы: Қазақ тілінде жазылған ғылыми материалдар мен әдебиеттер жеткіліксіз

  • 22.10.2020
  • 0
  • 322

Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналандырғымыз келсе, қазақ тілді кітаптарды барлық облыс, аудандарда қолжетімді етуіміз қажет. Бұл туралы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Анель Пимичева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен 17 жыл бұрын Қостанай қаласында дүниеге келдім. Ата-әжемнің қолында өстім. Атам қазақ тілі менің болашағыма керек болатынын жақсы түсініп, үйдің жанындағы қазақ балабақшасына және қазақ мектебіне берді. Бастапқы жылдары біраз қиналдым, әсіресе мектепке барғанда мазмұндама жазу мен үшін оңай болмады. Тілді жетік меңгеруіме отбасымыздағы жиын-тойларға келетін сыйлы адамдардың ықпалы өте зор болды. Тарихтан, әдебиеттен сыр шертетін үлкендердің әңгімесіне үнемі құлақ түріп отыратынмын. Әсіресе, туған күн кештерінде дастархан басында қазақтың дәстүрлі әндері орындалып, бата-тілектер айтылатын. 4-сыныптан бастап, қазақ тілінен төрт деген баға ала бастадым, кейін беске түзедім. Биыл мектеп бітіргенімде аттестатымда жалғыз ғана төрт деген баға болды, ол – орыс тілінен...», - дейді молдаван қызы Анель Пимичева.

Ол облыстық, республикалық деңгейде мемлекеттік тілге, тарихқа қатысты өтетін байқаулардың барлығына қатысып жүретінін айтты. 

«Осындай жарыстарға қатысатын кезде Қазақстан тарихына қатысты қызықты және терең қамтылған мәліметтерді көп жағдайда орыс тіліндегі кітаптардан кездестіремін, ал қазақ тілінде таба алмаймын. Ғылыми материалдар мен әдебиеттер, қазіргі тренд боп жүрген сапалы подкасттар жетпейді. Бірақ қазіргі таңда кітап әлі де мемлекеттік тілді қорғайтын құралға айнала алған жоқ. Бұл ащы да болса – шындық. Мен сияқты жастар Қазақстан тарихын орыс тілінен аударып, оқып жүр. Өз басымнан өткен тағы бір мысал: жаз кезіндегі Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» кітабын оқығым келді. Тек интернеттен таптым. Егер біз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналандырғымыз келсе, қазақ тілді кітаптарды барлық облыс, аудандарда қолжетімді етуіміз қажет. Кітапхана сөрелерінде тұруы тиіс, дүкендерде сатылуы қажет», - дейді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР