07 қар, 2022 сағат 15:45

Мұхаммед Әлидің немересі Ербосынұлына қолдау білдірді


Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің немересі, орта салмақта өнер көрсететін боксшы Нико Али Уолш (7-0, 5 KO) кубалық Давид Моррелмен (8-0, 7 КО) кездесуден кейін комаға түскен қазақстандық Айдос Ербосынұлына (16-1, 11 КО) қолдау білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Өтініш, мұсылман бауырымыз Айдос Ербосынұлының тез сауығып кетуі үшін көбірек дұға қылыңыздаршы", - деп жазды Уолш Twitter парақшасында. 

Ербосынұлы Моррелге қарсы кездесудің 12-раундында нокаутпен жеңілген еді. Кездесуден кейін оны Хеннепин аймағындағы Медициналық орталыққа алып кетті. 

Айта кетейік, осыған дейін отандасымызға мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) те қолдау білдірген болатын.