25 мау, 2025 сағат 16:23

Мобильді аударым: Туыстар арасындағы ақша тексерілмейді

Фото: ашық дереккөз

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, аударымдарға қатысты талап сақталмаса, яғни 3 талап бірдей бұзылса ғана тексеріледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Атап айтқанда:

  • - 100 түрлі адамнан ақша түссе;
  • - 100 адам бір адамға үш ай қатарынан ақша аударса;
  • - Аударылған сома 1 млн 20 мың теңгеден асса.
«Егер туыстар арасында ақша аударылса, 1–2 млн теңге болса да тексерілмейді. Ал бір адамға  3 ай қатарынан 100-ден астам адам аударым жасаса және ақша 1 млн теңгеден асса ғана бақылауға алынады», - деді Ержан Біржанов.