Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Астанаға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Оны елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.
Шавкат Мирзиёев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Түрікменстан басшыларымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысады" - делінген хабарламада.