14 нау, 2023 сағат 12:24

Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты

Фото: Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан қай тарапты жақтайтынын айтты. Видеоны Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

"Қазір заман қиын, алып елдер: "Өзбекстан, сен қай жақтасың? Бейтарап болуды доғар, ана жаққа не мына жаққа өт". Өздері де, өкілдері де: "Бізге Орталық Азиядағы Өзбекстан керек. Халық саны 36 миллионға жетті, үш-төрт жылдан кейін 40 миллионға жетеді". Олар: "Қай жақты қолдайсың?" деп сұрайды. Мұндай қиын сұраққа қалай жауап беруге болады?", - деді Мирзиёев.

"Жауап бір ғана - мен бір жақтамын, ұлтым, халқым, Ұлы Өзбекстан мүддесі үшін жан тапсыруға дайынмын", - деп түйіндеді Өзбекстан президенті.

Мирзиеев Өзбекстаннан қай елдер таңдау жасауын сұрағанын нақтылаған жоқ.