18 там, 2016 сағат 09:02

Мирас Асан. Көкжал қазақ Данияр

Данияр алтын алды! Күллі Алашты қуанышқа бөледі. Бүкіл қазақ бөркін аспанға ата қуанды. Иә, қазақ баласы олимп шыңына көтерілсе, көңіл қалай аспандамасын?! 

Ақын Мирас Асан шаттығын өлеңге төгіпті. Оқиық...

Көкжал қазақ Данияр

Сақ бабаңның алтын бопты киімі, 
Ғұн бабаңның алтын бопты бұйымы. 
Алтын бізге таңсық емес, 
мәселе -
Сенің шыққан тұғырынның, биігі!

Алтын жүрек Данияр!

Алтын бізді апармапты баққа алып, 
"Алтын, күміс тас екен" деп жаттадық. 
Алтын алған кешегі орыс, мысалы 
Алтын Ордам табанында жатты, анық.

Болат білек Данияр!

Алтынға құл болған емен салтымда, 
Артымда ұл 
қалса алтын, өр тұлға! 
Бұл жерде де алтында емес мәселе, 
Елұранын Алашымның ал, тында!

Өр, нар ғажап Данияр!

Бүктеп соққан оғландарды талай тік, 
Халқыңды алтын қойдың тіпті зорайтып! 
Қойынына алтын тыққан әлем тұр, 
Мойыныңа алтын таққан сені айтып!

Көкжал қазақ Данияр!

17.VIII. 2016

Karaganda

Ұлт порталы