Министрліктер үйі ғимаратында төрт спорт залын ұйымдастырды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ҚР Президентінің Іс Басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған денсаулықты қолдау жобасы биыл Қазақстанда 19 тамызда атап өтілетін Спорт күні қарсаңында іске қосылып отыр.
«Залдар жаттығудың барлық бұлшықет топтарына арналған қазіргі заманғы кардиотренажер құралдарымен жарақтандырылған, душ кабиналары мен киім ауыстыру орындары бар. Жаттығулар кәсіби спорт нұсқаушыларының сүйемелдеуімен өтеді», - делінген таратылған хабарламада.
Спорт залдарының ашылу салтанатына Іс Басқармасының аппарат басшысы А.Х. Әмірғалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиева, Мәдениет және спорт министрлігінен К.С. Уәлиев, Президент Әкімшілігі мен министрліктердің мемлекеттік қызметшілері қатысты.