Сыртқы істер министрлігі Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты. Өткен жылдың соңында үкім өзгеріссіз қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаттары апелляциялық шағымды екінші рет түсіру мәселесін қарастырып жатыр.
"Жақында оған қатысты соттың тағы бір үкімі шыққан. Оны жақсы білесіздер. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қалды. Қазіргі кезде Ақжарқынның адвокаттары соттың үкіміне екінші рет апелляциялық шағым түсіру мәселесін қарастырып жатыр", - деді Смадияров бүгінгі баспасөз мәслихатында.