20 мам, 2022 сағат 15:01

Министр ресейлік газдың артықшылығын айтты


Энергетика министрі Болат Ақшолақов ресейлік табиғи газдың артықшылығын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Өзімізді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін қосымша табиғи газдың тұрақты көлемін табуымыз керек. Егер мұндай газ табылса, жаңа газ құбырын салу керек, өйткені "Сарыарқа" шыдамайды.

Ресейлік газды сатып алу оңайырақ болып тұр. Себебі Батыс Қазақстан облысынан Петропавлға дейінгі қашықтық екі мың шақырымнан асады. Ал Ресейден мұнда - 500-600 шақырым. Бұл - үлкен айырмашылық", - деді министр.

Бұған дейін министр Қазақстандағы газдың неге азайып жатқанын түсіндірген болатын.

"Егер біз жаңа кен орындарын ашпай, оны игеруге ақша бөлмесек, газ тапшылығымен бетпе-бет келеміз", - деді ол.