Фото: Amanat партиясының баспасөз қызметі
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов көпшілікті қол шапалақтауға шақырғаны көрінетін видеоның мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Үкімет отырысынан кейін журналистер Amanat партиясының бұрынғы атқарушы хатшысынан Желіде тараған видео туралы сұраған. Кадрларда Асхат Ораловтың көпшілікті қол шапалақтауға шақырғаны байқалады.
Министр видеода шынайы эмоциясы көрінгенін айтты.
"Осындай тарихи сәтте қазақстандықтардың қолдауын көргенде шын жүректен қуандық. Екі айлық үгіт-насихат жұмысының нәтижесін және халықтың қолдауын көргенде қатты қуандық. Сондықтан бәрін қуанышын бөлісуге шақырдық. Бұл шынайы эмоция болды", - деп түсіндірді ол.
видео: Tengrinews.kz