© Photo: Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті
Қазақстанда қос азаматтық фактілеріне қарсы заңнама күшейтіледі. Бұл туралы Ішкі істер істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде қос азаматтықпен жүрген адамдар аз емес. Оларды жыл сайын анықтап отырады. Ал жаңа өзгерістен кейін қос азаматтық фактілері күрт азаюы тиіс.
"Егер Қазақстан азаматы басқа елдің азаматтығын растайтын құжатты алса немесе оны пайдаланса, онда біздің азаматтықтан дереу шығарылады. Қазіргі заңнамада мұндай шектеу жоқ", - деді Ахметжанов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, Үкімет пен Президент әкімшілігі жаңа өзгерісті қолдады. Оны көші-қонға қатысты заң жобасына енгізді.
Қазіргі кезде құжат Парламенттің қарауында жатыр.