04 қаз, 2022 сағат 12:30

Министр Қазақстанда рубльдің жинақталып қалуына қатысты сұраққа жауап берді

Фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда рубльдің шамадан тыс жинақталып қалуына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет кулуарында Қаржы министрлігі басшысына Қазақстанда рубльдің шамадан тыс мол болып кетуіне қатысты сұрақ қойылды.

"Менде бар ақпарат бойынша, есімде қалғаны, ақшаның шамадан тыс мол болып кету мәселесі жоқ. Бірақ біз жаңа ғана талқыладық, егер Ұлттық банк қандай да бір қауіп-қатерді көрсе немесе мұндай массаны Ресейге бір рет шығару қажеттілігін немесе басқа шараларды көрсе, оны Ұлттық банкпен талқылаймыз. Шаралар қабылдау үшін белгілі бір шекті мән (рубль саны бойынша. - еск.) жоқ. Валюталық реттеу мәселелері мен тиісті интервенциялар Ұлттық банк құзыретіне жатады", - деп жауап берді Жамаубаев.